2019 жылғы 29 наурызында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасы білім беру ұйымдарына арнап, «Өзін-өзі тану» пәнінен облыстық олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты - балалар мен жасөспірімдерге құндылық бағдарларын қалыптастыру арқылы адамгершілік-рухани білім беру, шығармашылық әлеуетті дамыту, шығармашылық қызметте өзін-өзі көрсетуге, жеке қасиеттерді, азаматтық ұстанымды көрсетуге, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысты көтермелеу.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды.
Бірінші кезең – сырттай олимпиада. Осы кезеңде қатысушылар келесі тақырыптарға эссе жазды.
Эссе тақырыптары:
- «Әлемді өзгерткің келсе – өзіңнен баста»
- «Жақсылық пен жамандық – бір медальдың екі жағы»
- «Менің ұстанымым ... »
Екінші кезең 2 турдан құралды:
1 тур – «Өзін-өзі тану» пәнінен тест сұрақтары ұсынылды. Бұл кезеңінің негізгі мақсаты - қатысушылардың құндылық санаттарын, өзіне деген көзқарасын анықтау.
2 тур - шығармашылық, жобаны қорғау. Олимпиада қатысушылары «Қызмет ету қуанышы» тақырыбында жобаларды қорғады.
М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің 1 курс студенті – Ахметжан Т. А. (жетекшісі Омарова М. Т.) олимпиаданың барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, 1 дәрежелі грамотамен марапатталды. Ахметжан Тәуекел баға жетпес тәжірибе мен көптеген жаңа әсер алғаны сөзсіз.
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасына қызықты олимпиаданы ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
Омарова М.Т. – «Өзін-өзі тану» пән оқытушысы